КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.00.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 13:30
Елбасы Жолдауы халықтың үміті мен мүддесінен шығып отыр - Жамбыл облысы
 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында ҚР Президентінің Парламенттегі  өкілдігінің жетекшсі Асқар Бейсенбаев бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы болды. Облыстық және жергілікті ақпараттық-насихат топтарының мүшелерімен бірге олар бірінеше ауылдық оркугтерде болып, Елбасының «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді.

Бауржан Момышұлы ауылындағы Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия ұжымымен кездесуде мектеп директоры  Валентина Письмак Қазақстанда соңғы жылдары шалғай ауылдардағы мектептер де оқытудың заманауи құралдарымен жабдықталғанын, педагог кадрлардң біліктілігін көтеруге үнемі көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Топ жетекшісі А.Бейсенбаевтың оқытушылар құрамы еңбекақының екі тоқсаннан бастап көтерілуін қалай қабылдағаны жайлы сұрағына ол: «Өте риза болды» деп жауап қайтарды.

Жолдаудағы міндеттер халықтың мақсат-мүдделерін қозғайды, сондықтан да елдегі халықтың көңілінен шығып отыр, онда елімізді гүлденген мемлекетке айналдыру жолдары нақты көрсетілген», - деді бастауыш сыныптар мұғалімі Мәриям Тұрғынова.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің ауданның медицина мекемелері ұжымдарымен кездесуінде елде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақта жүйесін енгізу мәселелері, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемалары сөз болды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.