КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.04.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 13:20
Ақпан айында Ұлтық банктің таза халықаралық резервтері 4,4 пайызға ұлғайды - Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко
          АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Елдің халықаралық резервтері 3,3 пайызға ұлғайды.   Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Біз жеткілікті деңгейде көп валюта сатып алдық. Оның көлемі 1,7 миллиард доллардан асады. Соның нәтижесінде ақпан айында Ұлтық банктің таза халықаралық резервтері 4,4 пайызға немесе 27 миллиард долларға дейін ұлғайды. Таза валюта қорлары  да 4,6 пайызға өсті. Алтындағы активтер олардың әлемдік нарықтардағы бағасының өсуі нәтижесінде 2,7 пайызға артты. Ал елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда 3,3 пайызға өсіп, 52,7 миллиард долларды құрады.  Бұл 2008, 2009 жылдардан айтарлықтай жоғары", дейді ол.

      Бас банкирдің айтуынша, ақпанда  ақша базасы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі әсерінен 2,6 пайызға кеңейді. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін  ескермегендегі ақша базасы 0,2 пайызға дейін тарылды. Ал қаңтарда ақша массасы банк жүйесіндегі таза сыртқы активтердің өсуі есебінен 1,5 пайызға өсті. Сондай-ақ айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 4,3 пайызға қысқарып, банк жүйесіндегі депозиттер 2,3 пайызға өсті. Бұған ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесінің желтоқсандағы 87,6 пайыздан  қаңтарда 88,3 пайызға дейін ұлғаюы себепші болды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.