КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.37.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 13:15
«Ауылдық банктердегі» несиелер павлодарлық шаруалар үшін тартымды болып отыр
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында бұдан алты жыл бұрын құрылған несиелік серіктестіктер аграрлық шаруашылықтар үшін сенімді әріптестерге айналды. «Ауылдық банктердің» арзан несиелері шаруа қожалықтарының жаңа техника, асыл тұқымды мал және өнімдерді ұқсататын жабдықтар сатып алуына көмектесуде.

Ертіс ауданы әкімдігінен хабарлағанындай, «Ертіс» ауылдық несие серіктестігінің несие қоржыны 200 млн. теңгеден асады. Шаруаларға заемдар жылдық сегіз пайыздық өсіммен беріледі, бұл - облыстағы ең төменгі мөлшерлеме.

«Нұр» шаруа қожалығы несиені пайдалана отырып, 3 млн. теңгеден астам қаржыға жабдықтар сатып алды. Ал «Три К» шаруашылығы 14 млн. теңге тұратын немістің астық комбайнына ие болды. Ал «Ақтайлақ» шаруа қожалығы екі млн. теңгеге бұзаулар сатып алды.

«Ертіс» ауылдық несие серіктестігінің тиімді несиелері ауыл еңбеккерлерінің заемды белсене пайдалана отырып, өндірісті кеңейтулеріне мүмкіндік беруде.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.