КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.54.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 10:30
Биыл 8,1 млн. гектар жерге бидай себіледі
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Биылғы көктемгі егіс науқаны барысында егістік алқаптарының 47 пайызын қамту жоспарланған.

 Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен мәжіліс барысында Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы көктемгі егіс науқанына 2 570 дана заманауи техника тартылып,  8,1 млн. гектар жерді немесе егістік алқаптарының  47 пайызын қамту жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 2 пайызға артық. «Осы орайда атап өтер жәйт, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу деңгейі төмен болмақ. Сондықтан жергілікті жерлерде қолданыстағы техниканы жөндеп, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн»,- дейді А.Буць.

Сондай-ақ департамент басшысы атап көрсеткендей, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жанар-жағар майға деген қажеттілігі 29,6 пайызға өтелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 38 пайыз шамасында болған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.