КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.57.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
10 Наурыз 2010, 08:59
Еңбекшілдердегі құс фабрикасында тәулігіне 400 мың дана жұмыртқа алынады
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданындағы «ҚазГерҚұс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тәулігіне 400 мың дана жұмыртқа алынады. Осылайша серіктестік толық қуатында жұмыс істеуге қол жеткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Теміржан Хамитовтың айтуынша, осыдан жеті жыл бұрын іске қосылған құс фабрикасында қазіргі кезге дейін 88 миллион дана жұмыртқа алынып, еліміздің он облысына жөнелтілген. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан несиелік қаржы есебінен салынған кәсіпорында германдық технология бойынша жұмыс толықтай автоматтандырылған. Қазіргі кезде аудан орталығының 117 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Ал, олардың орташа айлық табыстары 35 мың теңге төңірегінде қалыптасқан. Бүгінде фабрикада 500 мыңнан астам құс күтімге алынған. Алдағы уақытта өз тұтынушыларына құс етін жөнелту шешімін таппақ.Соған сәйкес  жабдықтау жұмыстары қолға алынды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.