|
|
EUR 195.52 USD 148.72 RUB 4.92 CNY 23.60
|
|||
|
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды •Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы •Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды •Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде •Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев •Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді •25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі • «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады •Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді •«Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ •Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді •Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин •Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды •
|
|
10.03.2010 / 07:30 Парламент Сенатының «Өңір» депутаттық тобының веб‑парағы ашылды АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Парламент Сенатының «Өңір» депутаттық тобының веб‑парағы ашылды. Бұл туралы аталған топ жетекшісі сенатор Ермек Жұмабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Республика өңірлерімен қабаттасқан байланысты одан әрі жақсарту мақсатында «Өңір» депутаттық тобы Интернет желісінде өз парағын ашуды қолға алатын болды. Депутаттық топтың веб‑парағы Парламенттің сайтында орналасқан. Веб‑парақ арқылы топтың ережесі, жылдық жоспары, жарияланған депутаттық сауалдары мен қабылданған құжаттары, өткізілген отырыстары, сондай‑ақ мәслихаттарға жіберілген заң жобаларымен танысуға болады», деді депутаттық топ жетекшісі Ермек Жұмабаев. Веб‑парақ бірнеше бөлімнен тұрады. Онда топтың құрамы туралы ақпараттар да қамтылып отыр. Тоқтала кететін жайт, депутаттық топ отыз сенатордан тұрады. Веб‑парақта сондай‑ақ ағымдағы жылдың жұмыс жоспары туралы мәліметтер тізімі беріледі. Фотогалерея, отырыс стенограммалары да жарияланатыны жоспарланған.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||