|
09 Наурыз 2010, 20:43 Мұнай бағасы қымбаттады АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Әлемдік рыноктарда кеше мұнай бағасы арта түсті. Оған өткен аптада АҚШ-тағы жұмыссыздық жөніндегі оң мәліметтер себепші болды, деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Солтүстіктеңіздік Brent Crude Oil мұнайына сәуір айындағы фьютерстердің бағасы Лондон биржасында 0,58 долларға көтеріліп, бір баррелінің бағасы 80,7 долларға жетті. Нью-Йорк биржасында американдық Light Sweet Crude Oil жеңіл мұнайының бағасы 0,37 долларға көтеріліп, бір баррелі 81,87 долларды құрады. Пiкiрлер (0)
|
|