|
09 Наурыз 2010, 20:35 Балқашта тұңғыш әйелдер слеті өтті ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында алғаш рет әйелдер слеті өткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен. Бұл шараға қатысушылар гендерлік теңдік проблемасын талқылады. Жалпы отырыстан кейін жұмыс «Әйелдерді әлеуметтік қорғау», «Әйелдердің қоғамдық белсенділігін көтеру» және «Әйелдер және бизнес» деп аталатын үш секцияда жалғасты. «Слет қорытындысында Балқаш қаласы әйелдерінің жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізілген қарар қабылданды. Мәселен, кәсіподақтарға ұжымдық шарттарда еңбеккер әйелдер үшін қосымша әлеуметтік құқықтарды көздейтін тармақ енгізу ұсынылды. Құқықтық жаппай оқыту және «Әйелдер қозғалысының көшбасшысы» байқауын өткізу ұсынылды», - деп әңгімеледі Балқаш қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Айгүл Төкейбекова. Оның айтуынша, мұндай шараларды өткізу өзекті, өйткені Балқаш қаласындағы 75 мыңнан астам тұрғынның тең жартысынан астамы -әйелдер. Әйелдердің алғашқы слетін қала әкімдігінің қолдауымен «Балқаш қаласы іскер әйелдері қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды. Пiкiрлер (0)
|
|