КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.36.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
09 Наурыз 2010, 20:08
Мамыр айына дейін елімізде мал сою алаңдары толық қамтамасыз етілуі тиіс- Ө. Шөкеев
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мамыр айына дейін елімізде мал сою алаңдары толық қамтамасыз етілуі тиіс .  Бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Өңір» депутаттық тобының отырысында вице-премьер Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес, малдарды сою тиісті мал сою алаңдарында немесе пункттерінде жүзеге асуы тиіс. Наурыздың 9-ындағы мәліметтер бойынша республикамызда 952 мал сою алаңдары әзірленген. Бұл 2 мың 508 аудандық маңызы бар қалаларды, ауылдық округтерді есепке алғанда 37 пайыздық қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл норманы жеделдету мақсатында мал сою алаңдарының құрылысы мен оларды қолданысқа енгізу кестесі бекітілді. Кесте бойынша ағымдағы мамырдың 1-інде біз мал сою алаңдарымен толық қамтамасыз етуге тиіспіз», деді Ө. Шөкеев.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.