Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
04 | ақпан | 2012   Сенбі  
EUR 195.52     USD 148.72     RUB 4.92     CNY 23.60
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді 25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді «Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды
09.03.2010 / 19:53
Сенат комитетінің төрағасы Словакия сыртқы істер министрлігі саяси секциясының бас директорымен кездесті
обсе АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановтың Словакия сыртқы істер министрлігі саяси секциясының бас директоры Игорь Слободникпен кездесуінде Қазақстан мен Словакияның, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды,

деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Екіжақты қатынастардың одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өте келіп Қ.Сұлтанов парламентаралық үнқатысуды одан әрі тереңдетуді жақтайтынын айтты.

ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық ету бағдарламасына қатысты сенатор оның Парламенттік Ассамблеясы 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу жөніндегі еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға күш салуы, ондағы негізгі тақырыптардың бірі Ауғанстандағы жағдай болуы тиіс екенін айтты. Қ.Сұлтанов сондай-ақ үстіміздегі жылғы мамыр айында Алматыда «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламентшілер жиыны өтетінін хабарлады.

И.Слободник Орталық Азиядағы жетекші елдердің бірі ретіндегі Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалай келіп екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайында әңгіме қозғады.

Дипломат сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайтудағы парламентаралық байланыстардың рөлін атап өтті.

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz