
|
09 Наурыз 2010, 18:22 Үкімет басшысы оңтүстік мемлекеттік шекараны одан әрі нығайту мәселелері бойынша кеңес өткізді ![]() АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов оңтүстік мемлекеттік шекараны одан әрі нығайту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Кеден одағы ауқымындағы міндеттемелерін орындау мақсатында жүргізілуде. Премьер-Министрдің атап көрсеткеніндей, елдің жеделдете индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасын және Кеден одағы жұмысын жүзеге асыру үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету қажет. Пiкiрлер (0)
|
|