|
09 Наурыз 2010, 17:16 Оралда Елбасы Жолдауына орай денсаулық күні өткізілді ОРАЛ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту туралы тапсырмасына сәйкес «Намыс» спорт клубының ұйымдастыруымен денсаулық күні өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шаңғы, шағын хоккей мен шағын футбол, конькимен көңілді старт, бильярдтан өткен жарысқа жиырма команда құрамында барлығы 200-ге жуық қызметкер қатысты. Шаңғы сайысынан 40 жасқа дейінгілер арасында «Орал су арнасы» МКК намысын қорғаған А.Алейникова мен Ж.Әлібеков озса, 40 жастан жоғарылардан кенттік округтер атынан сынға түскен З.Нұржанова, Орал қалалық мемсанэпидқадағалау басқармасынан К.Қалиев жеңімпаз атанды. Шағын хоккейден мемлекеттік мекемелерден Орал қаласы тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, кәсіпорындардан «ЖПК» МККС озып шықты. Шағын футболдан Орал қалалық мемсанэпидқадағалау басқармасы мен «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қалалық филиалы үздік атанды. Көңілді старттан «Жасыл қала» МКК басымдық көрсетсе, бильярдтан «Ел ырысы» ЖШС-ынан Ақмарал Құмарова мен кенттік округтер командасынан Руслан Аюпов шеберлік танытты. Пiкiрлер (0)
|
|