КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.24.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
09 Наурыз 2010, 15:41
Қостанай облысы жолдарындағы апаттарда 10 адам зардап шекті
ҚОСТАНАЙ. Назурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында соңғы үш күннің ішінде жеті жол-көлік оқиғасы орын алды.

Соның салдарынан 4 адам мерт болды, алты адам - әртүрлі дене жарақаттарын алды.

Бұл туралы Қостанай облысы ІІД өткізген брифингіде айтылды. ІІД басқарма бастығы Елена Кашарина ұсынған ақпарат бойынша, наурыздың 5-інде түнде Қостанай-Жітіқара күрежолында екі жүк машинасы соқтығысып, екеуінің жүргізушілері де оқиға орнында жан тапсырды. Солтүстікқазақстандық машинаның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Наурыздың сегізінде Қостанай облысында ВАЗ-2107 және «Фольксваген-Пассат» машиналары тоқтығысты, «Жигулидің» жүргізушісі машинаны кафе-клубтың қасына қоймақшы болып шегініп келе жатқанда, инормаркаға қатты соқтығысып, кейін серпіліп, ағашқы соғылды. Апат орнында «Жигулидің» жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды. «Фольскваген» машинасының жүргізушісі мен жолаушысы аман. Жол-көлік оқиғасының материалдары тергеу орындарына жіберілді.

Е.Кашаринаның айтуынша, Қостанай облысында жыл басынан бері 65 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам мерт болды, 79 адам жараланды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.