КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.53.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
09 Наурыз 2010, 13:39
Жергілікті жерлердегі жеке бизнесті дамытпайынша, ілгері жылжу мүмкін емес - Үкімет басшысы
 АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жергілікті жерлердегі жеке бизнесті дамытпайынша, ілгері жылжу мүмкін емес.

Бұл пікірді бүгін селекторлық форматындағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарта.

«Мемлекет басшысы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын бекіткеннен кейін, біз Президенттің қарауына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын шығаратын боламыз. Мемлекеттік компаниялар мен ірі компаниялар ел экономикасы дамуының локомотиві болып табылады. Алайда, жергілікті жерлердегі жеке бизнесті дамытпайынша, ілгерілеу мүмкін емес», деді отырыста Премьер-Министр.

Осы орайда Үкімет басшысы облыс әкімдері аймақтардағы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша назар аударуы тиістігін атап көрсетті. «Жергілікті жерлердегі бизнесті дамытуға мұқият қараңыздар. Нақтыланған бюджеттің жобасында бизнестің несиелерінің ставкаларын субсидиялауға қаржы қарастырылған. Банктік қоғамдастықпен және кәсіпкерлік қоғамдастықпен келісім бойынша, өңірлер экономикасы үшін маңызды болып табылатын нысандар, яғни сауықтырылатын жобалар бойынша   банктер пайыздық ставканы 12 пайызға дейін төмендететін болады. Нақтыланған бюджеттің жобасы бойынша субсидиялаудың 5 пайызын Үкімет өзіне алатын болады. Соңғы қарыз алушы үшін тиімді ставка 7 пайыз болады. Бұл бизнес үшін өте үлкен көмек», деді К. Мәсімов облыс әкімдеріне қаратып айтқан сөзінде.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.