|
09 Наурыз 2010, 11:49 Алматы облысында кадрлық тағайындаулар жасалды ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында кадрлық тағайындаулар жасалды. Аймақ әкімі Серік Үмбетовтың өкімімен Нафиса Сатыбалдина облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болып тағайындалды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, басқарманың бұрынғы бастығы Қадыр Тәжібаев зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылып отыр. Серік Үмбетовтың тағы бір өкімімен еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына жаңа бастық тағайындалды. Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл қызметке Қалыбек Алдабергенов тағайындалды. Ал басқарманың бұрынғы басшысы Нұрилә Бөлекбаева зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылды. Пiкiрлер (0)
|
|