КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.42.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
09 Наурыз 2010, 11:21
Жамбыл облысындағы жанар-жағармай жеткізілімі - әкімдіктің бақылауында
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ.  Наурыздың  9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл  облысындағы  жанар-жағармай   жеткізілімінің жағдайы   алаңдаушылық туғызбайды және   бұл мәселе    облыс әкімі  Қанат Бозымбаевтың  тұрақты  бақылауында. 

Бұл туралы  ҚазАқпарат    тілшісіне   облыстық   энергетика    және коммуналдық шаруашылық  басқармасының бастығы Ерік Көшербаев   хабарлады.

«Облыс  басшылығының  арқасында   жанар-жағармай  жеткізілімінің  төңірегіндегі   мәселе   тұрақты.   Аймақтың бензинге  деген  күндік  сұранысы  -  740 тоннаны,  дизель отынына  - 530  тоннаны құрайды»,  деді Е.Көшербаев   өз сөзінде.

«Наурыз айында     облысқа   АИ-80 маркалы   10 мың тонна бензин,  АИ-92 маркалы 12 мың тонна бензин,  сондай-ақ  14,5 мың тонна дизель отыны  жеткізілді.  Оған  қоса,  тағы 3,5 мың тонна  отын  - ауыл шаруашылығы субъектілеріне жеткізілді», - деді     басқарма бастығы.   Е.Көшербаев  «аймақта   бензиннің  қымбаттауына  ешқандай алғышарт  жоқ» екенін атап көрсетті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.