КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.18.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
09 Наурыз 2010, 10:25
Биыл үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 132 нысанның құрылысы аяқталады - Серік Нокин
 АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы жылғы наурыздың 1-індегі жағдай бойынша республикада үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 132 нысанның  құрылысын аяқтау жұмыстары  қалды (26721 үлескер). Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс істері жөніндегі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2010 жылғы  наурыздың 1-індегі жағдай бойынша республикада үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 132 нысан құрылысын аяқтау жұмыстары қалды (26721 үлескер). Оның ішінде 21 мың үлескердің қатысы бар 112 нысан биылғы жылы пайдалануға беріледі. Ал қалған 20 нысанның құрылысын 2011 жылы аяқтау жоспарланып отыр», деді С. Нокин.

 Атап айтқанда, Астанада (12646 үлескер) 61 нысанды аяқтау жұмыстары жоспарланған. Оларды белгіленген тізім бойынша биылғы жылдың соңына дейін аяқтау қарастырылып отыр.

 «Нысандарды аралаудың нәтижесі бойынша әкімдік басшыларының, «Самұрық-Қазына» қорының және агенттіктің болжамы бойынша, бұл нысандар 2010 жылдың соңына дейін аяқталатын болады», деді ол.

Ал бүгінде Алматыда 8141 үлескер қаржы құйған 33 нысан бітпей отыр. Оның 16-сын биылғы жылы пайдалануға беру қарастырылуда.  Ал қалған 17-сі алдағы жылы аяқталатын болады.

 С. Нокиннің айтуынша, Ақмола облысында - 2 нысанды аяқтау, ал Алматы облысында 7 нысанның құрылысын жалғастыру қажет.  

 «Сондай-ақ Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында 1114 үлескердің қатысуымен 27 нысанның құрылысын бітіру жоспарланып отыр.  Бекітілген тізім бойынша бұл нысандар биылғы жылдың соңына дейін тапсырылатын болады», деді агенттік басшысы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.