|
09 Наурыз 2010, 08:11 Шығыс Қазақстан әкімі өзінің біржылдық жұмысының қорытындысына арнап баспасөз мәслихатын өткізді ӨСКЕМЕН. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Тарбағатай Мұнай Газ» компаниясының басшылығы Зайсан кенішін игеруге қаражат салуын жалғастыруға уәде беріп отыр, бұл туралы өткен жұма күні Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің біржылдық жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті. Зайсандағы мұнай-газ кенішіндегі инвесторлардың жұмысы туралы журналистердің сауалына жауап берген аймақ басшысы, соңғы бірнеше жылда бұл кеніште бірнеше қожайын ауысқанын айтып өтті. «Қазір онда үш бұрғылау ұңғымасы жұмыс істеуде. Проблема сол, онда өте ауыр мұнай өндірілуде, құрамында парафині көп - ең басты проблемасы осы болып отыр. Ал қытайлықтарға келетін болсақ, қазіргі инвесторлар оларды серіктестікке алмақ, себебі серіктессіз оларға қиын болып отыр», деп атап көрсетті әкім өз сөзінде. Ал ол мұнай өңдеуге қайта жеткізілетіні туралы екінші сауалға жауап берген әкім: «өткен аптада біз осы мәселе бойынша аймаққа геология комитетінің өкілдерін шақырдық және өзекті проблемаларды олармен осы жерде талқыладық. Бүгінгі таңда Зайсан кенішіндегі барланған мұнайдың қоры 50 миллион тонна - бұл аз емес, бірақ негізгі проблема, мен бұдан бұрын айтып өткендей, мұнайдың сапасында болып тұр. Бірақ та айта кететін тағы бір мәселе - онда газ да бар. Инвесторлар, өздерінің газ өніміне ықыласты екендіктерін айтуда. Егер олар осы мәселемен айналысса, аймақ үшін жақсы болар еді», деді әкім өз жауабында.
Б.Сапарбаев өз сөзінде, Кендірлік кенішіндегі сланец қорына да тоқталып өтті. «Өздеріңіз білесіздер, кезінде бұл кеніш «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік кәсіпорнына берілді. Біз, әкімдік, ештеңе істей алмадық. Енді ол әкімдіктерге қайтарылуда, және біз барлық «конкурстық істерді» қайталағалы отырмыз - балтық елдерінің, ресейлік және отандық инвесторлардан жақсы ұсыныстар бар», - деді Б.Сапарбаев Зайсандағы кеніш бойынша сауалға берген жауабында. Пiкiрлер (0)
|
|