|
09 Наурыз 2010, 07:58 ҮЕҰ мен мұнай компаниялары мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісі өтті ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылордада үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен мұнай компанияларының мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарарт тілшісі. Басқосуда халықаралық ЕІТІ, яғни өндіруші салалардың ашықтық бастамасы жайында жан-жақты әңгімеленіп, оны жүзеге асырудың жолдары талқыланды. «Алшы» халықаралық қорының үйлестірушісі Гүлбақыт Қанашева ашықтық бастамасы жайында жиылғандарға жан-жақты әңгімелеп, оны елімізде қолданысқа енгізудің алғы- шарттарымен таныстырды. Мәселен, біздің елімізде ірілі-ұсақты 200-ге жуық өндіруші компания бар екен. Алайда, олардың жылына қанша пайда тауып, әлеуметтік салаға қанша қаржы бөліп, оны кімнің, қалай жұмсап жатқанын ешкім білмейді. Қор үйлестірушісінің айтуынша, мұндай келеңсіздік еліміздегі мұнай, кен өндіретін барлық облыстарға тән. Дөңгелек үстел басында сұрақтар қойылып, ой-пікірлер ортаға салынды Пiкiрлер (0)
|
|