КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.40.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
08 Наурыз 2010, 15:35
Қызылордалықтар көктемгі егіске дайындалуда
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 7-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  Үстіміздегі жылы Қызылорда облысындағы шаруашы­лықтардың барлық нысандары бойынша 156,1 мың гектарға егіс егу межеленіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарарт тілшісі.

Оның ішінде дәнді дақылдар 81,9 мың, мал азығындық дақылдар 49,1 мың, картоп, көкөніс, бақша өнімдері 21,9 мың, майлы және техникалық дақылдар 3,1 мың гектарды құ­райды.

Аймақтың негізгі дақылы - күріш 72,8 мың гектар жерге себіледі. Өткен егін-терім науқа­нында егілетін тұқым көлемі  то­лық­тай қамбаға құйылған бола­тын. Қазіргі уақытта қолдағы түрлі сортты тұқымдарды себу дәре­жесіне жеткізу бағытындағы жұ­мыс­тар жүргізілуде. «ҚазАгроЭкс» АҚ облыстық филиалының мә­ліметтеріне қарағанда, ақпанның 22-сіне дейін 21,8 мың тонна күріш тұқымының 18,1 мың тоннасы тексеруден өткізілді.

Егіске қажетті 53,2 мың тонна тыңайтқыштың әзірге 6 мың тон­насы алынды. Мемлекет мине­ралдық тыңайтқыштар бағасын 40 пайызға арзандатқан соң, оны сатып алушы шаруашылықтардың саны өсе түсуде.

Ауыл шаруашылығы машина-трактор паркін жаңалау мақ­са­тында «ҚазАгроҚаржы» АҚ ар­қылы лизингілік жолмен техника алуға құны 850 млн. теңге тұратын 182 техникаға сұраныс берілді. Аймақта МТЗ, ХТЗ тракторлары мен «Енисей» комбайнына сер­вис­тік қызмет көрсететін орта­лықтар жұмысы жолға қойылды. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.