КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.34.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
08 Наурыз 2010, 14:00
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесі талқыланды
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыс әкімі Болатбек Қуандықов облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Әлімхан Әбжановпен кездесті, 

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Ә.Әбжанов аймақта қоғамдық қауіпсіз­діктің сақталуы және департамент тарапынан 2009 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы хабарлады. 

Облыс әкімі департамент басшысына қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу бағытындағы шараларды кешенді түрде қа­растырып, бұл жұмысты Қызылорда қаласындағы №5547 ішкі әс­кер бөлімімен бірлесіп одан әрі жандандыру қажеттігін мін­деттеді. Сондай-ақ Қызылорда қаласы, аудандар әкімдерімен бір­лесе отырып, учаскелік полиция қызметкерлерін ғимаратпен қам­тамасыз етуге, қоғамдық орындарда қылмыстылықты азайту мақ­сатында аулаларды жарықтандыру мәселесін шешуді тапсырды.

Аймақ басшысы сонымен қатар қылмысты ашу барысында көмек көрсеткендерге қаржылай сыйақының көлемін арттыру және түзету колонияларында жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында қайта даярлау курстарынан өткізу шараларын қолға алу қажеттігіне тоқталды.  

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.