КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.24.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
08 Наурыз 2010, 13:34
Қызылордада қарт майдангерлерге қамқорлық жасауға баса назар аударылып отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық көрсету дұрыс жолға қойылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Респуб­ликалық бюджеттен ҰОС ардагер­леріне 65 мың теңге, жекелеген категориялар бойынша 25 мың теңге және тыл ардагерлеріне 10 мың теңгеден берілетіні нақтыланды. Сонымен қатар Астана қаласында өтетін мерекелік шеруге біздің өңірден 10 ардагер баратын болса, Мәскеуде ұйымдастырылатын әскери шеруге 2 кісіге жолдама берілмекші.  Сондай-ақ ардагерлердің ТМД елдері мен Қа­зақстанның өз ішінде теміржол мен әуе көлігі арқылы тегін жүруіне мүмкіндік жасалып отыр. Ал облыс ішінде қарт жауынгерлерге 4 рет, қалаішілік қоғамдық көліктерде 30 ретке дейін тегін жүруі ұйымдастырылуда.

Облыс көлемінде Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар басталып та кетті.  Облыстық қорғаныс істері де­партаменті ҰОС ардагерлері мен кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шы­ғарылғанына 21 жыл толуына арнап «Ардагерлер - ел тірегі» тақыры­бында кездесулер өткізді. Сонымен қатар департамент наурыз мерекесіне орай майдангерлерге ақ дастарқан жайып, құрмет көр­сетпекші. «Депар­таменттің Жеңіс мерекесіне арналған көптеген мәдени іс-шаралар жоспары бекітілді, сол арқылы өңіріміздегі барлық қарт жауынгерлер қам­тылады», дейді департамент директорының орын­басары, майор Ерлан Мұратбай.  Сондай-ақ 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған әскери шеруге дайындық жұмыстары қолға алынғанын да жеткізді.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.