КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.39.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
08 Наурыз 2010, 12:49
Қызылордада «Патронат ана - жан шуа­ғы» атты мерекелік іс-шара өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы медициналық колледждің акт за­лында облыс әкімі Болатбек Қуандықов­тың қатысуымен «Патронат ана - жан шуа­ғы» атты мерекелік іс-шара өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған патро­наттық тәрбиедегі 28 бала мен 27 патро­нат­тық тәрбиеші, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, кәсіпкер әйелдер, баспасөз өкілдері қатысты.

Облыс әкімі айтып өткеніндей, өңірде 316 патронаттық тәрбиеленуші, 228 патронаттық тәрбиеші бар. Ата-ананың қамқорлығына зәру, олардың мейіріміне шөлдеген балаларға қамқор қолын созып, жүрек жылуын арнаған аналарға қандай құрмет көрсетілсе де артық­тық етпейді. Патронаттық тәрбиеге алынған балаларға өнегелі тәрбие беру, келешекте оны жетілдіре түсу жолдары қарастырылуда.

Өткен жылы Қазақстанның ІV Азаматтық форумында «Үкіметтік емес ұйымдармен тиімді әріптестігі үшін» аталымы бойынша біздің облыс жеңімпаз деп танылды. Облыстың жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын 49 патронаттық тәрбиедегі студент жастардың ақылы бөлімдерде оқитын 31-іне мемлекеттік грант ұсынылды. Облыс әкімі сол жастарға мемлекеттік оқу грантын салтанатты түрде табыс етті.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.