КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.06.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
08 Наурыз 2010, 12:39
Алматыда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Наурыздың 18-19 күндері Алматыда «Қоғамның интеллектуалын қалыптастырушылар: білім мен жаңа технологиялар» атты әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ҚР тұңғыш Президентінің қоры мен Халықаралық  жаңа саясат институты  ұйымдастырады. Шараның мақсаты - азаматтық қоғам мен оның институттарын нығайту, әлеуметтік маңызды проблемалардың шешілуіне ықпал жасау, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін көрсету, арттыру, ең үздік интеллектуалдық жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі. Жәрмеңке «Білім саласын инновациялық дамыту», «Білім және қоғам», «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық технологиялар»,  «Білім, ғылым және өндіріс», «Ерекше балаларды білім саласында қолдау», «Оқу-әдістемелік білім әдебиеті», «Білім-денсаулық,үйлесімділік» аталымдары бойынша өтеді.

Жеңімпаздарға арнаулы гранттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.