КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.14.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
08 Наурыз 2010, 12:31
Шиеліде полиэтилен құбыр­ларын шығарады
 ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  Шиелі ауданындағы «Поли­хим өнімдері» компаниясы» ЖШС  полиэтилен құбыр­ларын шығарады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құбыр өнімінің басты жетістігі - оның экологиялық тазалығы десек, төзімділігі, жеңілдігі, сон­дай-ақ қолданысқа икемділігі ба­ғасын арттырып тұр«Поли­хим өнімдері» компаниясы» ЖШС  шығаратын құ­бырлар негізінен «Қазатом­өнер­кә­сібі» ұлттық компаниясының уран өн­дірісіне пайдаланылады. Уран металы жинақталатын шикізат жер астынан 600-700 метр тереңдіктен сілті қышқылының ерітіндісін жіберу ар­қылы алынатындығын ескерсек, оған деген төзімділік сапасына айрықша мән беріледі. «Кең-Дала KZ», «Бәйкен-U», «Аппақ», «Семіз­бай», «Қа­ратау» ЖШС аталмыш мекеменің сенімді серіктестіктеріне айналды.

Мекеме Германияның белгілі «Краусс Мафай» компаниясының тәсілін қолданады. Өндіріс цехы үш тарапты жаңа технологиялық жаб­дықтармен қамтамасыз етілген.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.