|
06 Наурыз 2010, 13:55 Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 45 жаңа мектеп және 118 балабақша ашылады ШЫМКЕНТ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Облыстық бюджет есебінен 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 45 мектеп салынады. Бірінші кезекте апатты жағдайда тұрған білім ошақтарының орнына мектептер салынатын болады - бүгінде таңда облыста мұндай жағдайда тұрған 62 мектеп бар, деп хабарлады облыстық білім басқармасынан. Оған қоса, жаңа мектептердің құрылысы үш ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр болып отырған 29 мектептің проблемасын да толық шешуге мүмкіндік береді. Оған қоса, Елбасының тапсырмасы бойынша 2010 жылы 7 мың орындық 118 балабақша ашу жоспарлануда. Нәтижесінде, балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту көрсеткіші 18 пайызды құрайтын болады. Сонымен бірге 2010 жылы республикалық бюджет есебінен 4,2 мың орындық 13 балабақшаның құрылысын салу жоспарлануда. Пiкiрлер (0)
|
|