
|
06 Наурыз 2010, 13:34 2010 жылы Жол картасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көлемі 18,5 миллиард теңгені қүрайды ![]() ШЫМКЕНТ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - 2010 жылы Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемі 18,5 миллиард теңгені құрайды, онымен бірге 19,7 мың жаңа жұмыс орны құрылады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Жастар тәжірибесі бойынша 6 503 жұмыс орны, 2 306 - әлеуметтік жұмыс орны құрылады. Облыс орталығында дендробақты абаттандыру жоспарлануда, оған қоса көл жағасы мен жас жұбайлар аллеясында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Шымкенттің айналасындағы «жасыл аумақты» 5 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, делінген әкімдік берген мәліметте. Оған қоса, республикалық бюджеттің есебінен Шымкент жолдарын жөндеу жұмыстарына 1 ,3 миллиард теңге қарастырылған. Ал қалалық бюджет есебінен облыс орталығындағы саябақтарды абаттандыруға 200 миллион теңге, кәріздік коллекторды қайта жаңартуға 180,5 миллион теңге қарастырылған. Пiкiрлер (0)
|
|