
|
05 Наурыз 2010, 21:02 ҚР бірінші вице-премьері бастаған Үкіметтің жедел тобының Ақмола облысына жұмыс сапары аяқталды ![]() АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шөкеев бастаған Үкіметтің жедел тобының Ақмола облысына жұмыс сапары аяқталды. Өңірге сапар барысында жедел топ мүшелері 8 инвестициялық жобаны қарап көрді. Олардың 76 млрд. теңгеден асатын бесеуін 2010 жылғы шілденің 1-іне дейін, ал 6 млрд. теңгенің үш жобасын - екінші жартыжылдықта жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгін түстен кейін Ө.Шөкеев Ақмола облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын басшылармен оларды жүзеге асырудағы проблемаларды және шешу жолдарын аныққтау мақсатында жеке-жеке кездесу өткізді. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімдігінде жеделдете индустриялық-инновациялық даму, қазақстандық үлесті арттыру, көктемгі далалық жұмыстарға әзірлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңарту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Пiкiрлер (0)
|
|