
|
05 Наурыз 2010, 20:50 Қазақстанда етті бағыттағы құс фабрикасын салу қажет - Өмірзақ Шөкеев ![]() АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстанда етті бағыттағы құс фабрикасын салу қажет. Бұл туралы ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Ақмола облысы әкімдігіндегі кеңесте сөйлеген сөзінде мәлім етті. «Қазақстанның құс жұмыртқасы өндірісі бойынша барлық қажетін отандық кәсіпорындар өтеп отыр. Енді біз етті бағыттағы құс фабрикасын салуымыз қажет. Біз 170 мың тонна көлеміндегі американдық құс еті импортының орнын толтыруға тиіспіз», - деп Ө.Шөкеев, оның барлық мүмкіндігі бар екенін айтты. Сонымен қатар бірінші вице-премьер Индустрияландыру картасына агроөнеркәсіп кешенінің көптеген жобалары енгізілгенін атап өтті. «Өйткені бұл жобаларда инновацияның зор әлеуеті бар», - деп түсіндірді Ө.Шөкеев. Пiкiрлер (0)
|
|