|
05 Наурыз 2010, 19:42 Ақтөбеде 8 Наурыз күніне арналған шаралар өтуде АҚТӨБЕ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде апта бойы Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шаралар өтуде. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчуктің айтуынша, алдымен ақтөбелік ұзақ жасаған кейуаналарды, Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдерді мерекемен құттықтады. Дәстүр бойынша мереке алдындағы күндерде қала әкімдігі жалғызбасты зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету акциясын ұйымдастырады. Жастар ұйымдарының өкілдері, мектеп оқушылары мен студенттер қарт аналардың үй шаруашылығына көмектеседі. Қалада сондай-ақ әртүрлі байқаулар, концерттер, спорт жарыстары ұйымдастырылуда. Айталық, облыстық филармонияда қалалық арулар байқауы өтті, Жастар сарайында «Ақтөбе» вокалдық-аспаптар ансамблінің мерекелік бағларламасы қойылды. Ал ертең облыстық филарманияда қала жұртшылығының Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналысы өтеді. Пiкiрлер (0)
|
|