КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.11.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
05 Наурыз 2010, 16:35
ҚР ауыл шаруашылығы министрі Президентке ведомствоның 2009 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңдегі міндеттері туралы баяндады
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады,

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

А.Күрішбаев Президентті ведомствоның 2009 жылғы жұмыс қорытындылары мен «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын алдағы кезеңдегі міндеттер туралы хабардар етті. Министрлік алдында озық технология мен қарқынды өндірісті қолдануға бағытталған ауыл шаруашылығына субсидия бөлу және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру міндеті тұр.

Әңгімелесу барысында сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде «ҚазАгро» арқылы қаржыландыру жайы талқыланды.

- Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті жүйелі дамыту, аграрлық ғылымды одан әрі реформалау жөнінде нақты міндеттер қойды, - деді журналистерге арналған брифингте А.Күрішбаев.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.