КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.50.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
05 Наурыз 2010, 16:34
Қазақстанда дәрігерлердің біліктілік деңгейі австриялық медбикелердің деңгейінен төмен - Н. Назарбаев
АСТАНА. Наурыздың 5-і. Қазақпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда дәрігерлердің біліктілік деңгейі австриялық медбикелердің деңгейінен төмен. Бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымының өкілдерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медициналық орталықтар кешенін австриялық компанияға бергенімізде, олар Австриядан дәрігерлерді, медбикелерді алып келді. Біздің дәрігерлеріміздің біліктілік деңгейі осында келген австриялық медбикелердің деңгейінен төмен. Бұған ешқандай өкпе болмауы тиіс. Біздің дәрігерлер  бұған кінәлі емес, олар басқа  білім беру жүйесі бойынша оқыды», деді Елбасы.

Осы орайда Елбасы  білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы кадрларды дайындаудың деңгейін қажеттігін атап көрсетті. «Бұл жерде білім берудің мүлдем басқа деңгейіне өту жайында сөз болып отыр. Өйтпегенде, біз басқалардан қалып қоямыз. Бұны біздің жастар түсінулері тиіс», деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша,  Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі  кадрларды дайындау сапасын арттыруға барлық мүмкіндік бар.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.