КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.33.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
05 Наурыз 2010, 16:23
Әйелдер от басындағы ғана емес, сонымен бірге елдегі тыныштықты да сақтаушы - Н. Назарбаев
 АСТАНА. Наурыздың 5-і. Қазақпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әйелдер от басындағы ғана емес, сонымен бірге елдегі тыныштықты да сақтаушы болып табылады. Бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымының өкілдерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әйелдер от басындағы емес, сонымен бірге елдегі тыныштықты да сақтаушы болып табылады. Бәрі де сіздерге байланысты. Отбасында бейбітшілік болса, онда бәрі де жақсы деген сөз. Егер әйелдің көзінде жас болмаса, бұл дегеніміз елдегі жағдайдың жақсылығын, елдің тыныштығын білдіреді. Егер әйелдің көзі нұр шашып тұрса, онда оның жанында тіреу болатын нағыз ер азаматының барын, балалары жақсы өмір сүріп жатқанын білдіреді», деді кездесуде Н. Назарбаев.

 Осы орайда Елбасы Қазақстандағы әйелдер қауымының елдің ішіндегі тыныштықты сақтаудағы рөлін жоғары бағалады. «Күн сайын теледидардан Бағдатта бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын көріп жүрміз. Жүздеген адамдар жараланып жатыр. Әлемнің кейбір нүктелерінде де осындай оқиғалар болуда. Бұның бәрі дінаралық, ұлтаралық  қақтығыстардың негізінде болып жатқан дүниелер. Қазақстан бұдан өте алды. Бірде-бір ана ешкімге түсініксіз, ешкімге керегі жоқ  дінаралық қақтығыстардың кесірінен баласынан айырылып, жаңағылар сияқты көз жасын төккен жоқ. Еліміздегі осындай достықты, тыныштықты сіздер қолдап отырсыздар. Қазір де бізге бұл аса қажет», деді Мемлекет басшысы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.