КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.04.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
05 Наурыз 2010, 16:08
Жамбыл облысында ҚР Қаржы министрі бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасауда
 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасауда.

«Біздің Жамбыл облысына келуіміздің мақсаты - Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын насихаттау және түсіндіру ғана емес, сонымен қатар оларды жүзеге асырудың барысын талқылау», - деді Б.Жәмішев облыс активінің жиналысында.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топ - облыс орталығында және аудандарда халықпен және еңбек ұжымдарымен, студент жастармен кездеспек, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелермен қабылдауды жоспарлауда.

«Экономика салалары дамуының даму ұстанымдарын және шараларын белгілейтін басты мемлекеттік бағдарлама жеделдете индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болмақ, оның ауқымында 2010-2014 жылдарға арналған республикалық және аймақтық Қазақстанды индустрияландыру картасы жасалады», - деп атап көрсетті министр облыс активімен кездесде. Сонымен қатар ол республикалық индустрияландыру бағдарламасына енгізілген бірқатар жобалар аймақтық жоспарға да енгізіліп отырғанын айтты.  

«Жамбыл облысы бойына 50  млн. доллардың жеті инвестициялық жобасы ұсынылды  («Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Мыңарал Тас компани» ЖШС, «Еврохим-тыңайтқыш» ЖШС, «Тәңір-логистик» ЖШС, «Хантауский цемент зауыты» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС - 2 жоба). «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаның ауқымында 1 644 шақырым, соның ішінде Жамбыл облысы бойынша 480 шақырым жолдар жаңғыртылады. Бұл сонымен қатар жаңа жұмыс орындары, шағын бизнеске де жұмыс табылады», - деді министр.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.