КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.53.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
05 Наурыз 2010, 14:39
Тасымалдаушылар және экспедиторлар федерациясын енді Қазақстан басқаратын болады

  АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Ортаазиялық аймақтық экономикалық әріптестік тасымалдаушылар және экспедиторлар  федерациясын енді Қазақстан басқарады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ұлттық экспедиторлар  қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім Алматыда наурыз айының 1-і күні өткен Ортаазиялық аймақтық экономикалық әріптестік тасымалдаушылар және экспедиторлар  федерациясының  мәжілісінде қабылданды. Отырыс барысында федерацияның жарғысы мен тәртібі бекітіліп, төраға, вице-төраға, хатшы таңдалды. Басқарманың толық құрамы анықталып, оған сегіз ел әр аймақтарының бір-бір өкілдері кірді.

Көпшілік дауыспен ҚР ұлттық экспедиторлар қауымдастығының және  Қазақстандық вагондарды тасымалдаушылар және операторлар қауымдастығы федерациясының төрағасы болып  экономика ғылымдарының докторы Нығметжан Есенғарин сайланды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.