КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.12.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
05 Наурыз 2010, 13:00
Ақтауда заманауи технологиялық байланыс қызметін көрсететін «КазТрансКом» АҚ-ы жаңа кеңсесі ашылды
АҚТАУ. Наурыздың  5-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда заманауи технологиялық байланыс қызметін көрсететін «КазТрансКом» АҚ-ы жаңа кеңсесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КазТрансКом»  компаниясының Маңғыстау  филиалы ел аумағында жоғары технологиялық байланыс қызметін көрсетіп,  бәсекеге қабілетті баға мен сапалы қызмет ұсынуды басым бағыт етіп отыр.

Телекоммуникациялық технологиялардың жаңа заман талабына сай түрлерін енгізіп, желілік инфрақұрылымды дамытуда.

 «Біз Маңғыстау облысында магистральдық каналдар құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Ірі мұнай-газ компаниялары жиналған өңірде қазіргі желілерді кеңейтіп, жетілдіруді қолға аламыз» дейді «KazTransCom» АҚ-ы бас директорының бірінші орынбасары Андрей Хан.

 «Біздер  телекоммуникациялық қызмет көрсете отырып, оны ары қарай жалғастыра түсуге мүдделіміз. Сондай-ақ, аймақтың корпоративтік тұтынушыларымен қарым-қатынас жасауды ойлап отырмыз» деді  «KazTransCom» АҚ-ы бас директорының коммуникация жөніндегі орынбасары Ғалым Жанысбаев.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.