КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.57.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
04 Наурыз 2010, 18:18
Ақтөбеде 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының жобасы талқыланды
АҚТӨБЕ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін облыс әкімдігінде Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің қатысуымен 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының жобасы аймақтық кеңесте талқыланды. Бұл шараға Қазақстанның төрт батыс облысы медицина ұйымдарының басшылары шақырылды.

Бұл мемлекеттік бағдарлама жобасы талқыланып отырған соңғы аймақ, одан кейін Үкіметте талқыланбақ. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша,  мемлекеттік бағдарлама жобасы 2020 жылға дейінгі ҚР дамуы стратегиясына және Елбасының 2010 жылғы қаңтардың 29-ындағы Жолдауына сәйкес жасалып отыр, онда салауатты өмір салтын таратуға және азаматтардың бірлескен жауапкершілігіне баса назар аударылып отыр.

«Бұл ең алдымен бас дәрігерлерге емес, біздің азаматтарымызға арналған. Бұл жобада бұрынғыша, дәрігерді таңдау еркіндігі, «қаржы пациенттің соңынан жүреді», азаматтардың өзінің және айналасындағылардың денсаулығына бірлескен жауапкершілігі приниптері басты орын алады, деді Ж.Досқалиев.

Мамандардың пікірінше, жасалып отырған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру ана мен бала өлімін бір жарым есе, жалпы өлімді 15 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар күтілетін өмір ұзақтығын 69 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.