КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.50.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
04 Наурыз 2010, 16:50
«Қарашығанақ Петролеум» компаниясына тексеру жүргізіліп жатқаны рас - Бас прокуратура
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қарашығанақ Петролеум» компаниясына тексеру жүргізіліп жатқаны рас. Елдегі кейбір ақпарат құралдары бұл тексеруді ондағы өндірілген Өнімді бөлісу жөніндегі келісімдермен баланысты деген сыңайдағы мәлімет таратыпты. Мен бұл мәліметті растай алмаймын.

 Өйткені, оған байланысты прокуратура тарапынан тексеру жүргізілген жоқ», деді бүгін Бас  прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Бұл туралы ол журналистермен болған брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, аталмыш компанияда тексеру жұмыстары еңбек және көші-қон заңдарына байланысты жүргізіліп жатыр. «Онда қаржы немесе өзге де мәселелерге байланысты басқа құрылымдардың тексеру жүргізуі мүмкін. Ал прокуратура жүргізіп отырған тексерулер көші-қон мен еңбек заңдылықтарының сақталуына ғана қатысты», деді Н.Сүйіндіков.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.