КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.14.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
04 Наурыз 2010, 15:47
Биыл Қазақстан-Қытай арасындағы жаңа газ құбырының құрылысы басталады
 АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл құрылысы басталатын Қазақстан-Қытай газ құбыры Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумағы арқылы өтеді.

 Бұл бүгін  Алматыда  "ҚазТрансГаз" АҚ-ы мен  қала әкімдігі арасындағы Меморандумға қол қою рәсімінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Былтыр жыл соңында Қазақстан мен Қытай басшылары азиялық жаңа газ құбырын ашқан болатын. Бұл бағдарлама одан ары жалғасады.  Биыл құрылысы басталатын жаңа Қазақстан-Қытай газ құбыры республиканың бұрын газ желісі жүргізілмеген елді мекендері арқылы өтеді", дейді ҚазТрансГаз" АҚ-ның Бас директоры Серік Сұлтанғалиев. Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мен елдің экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында да айтылып, оны шешу мәселесі туралы  Үкіметке нақты міндеттер жүктелген болатын. Серік Сұлтанғалиұлының айтуынша,  бұл бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруда Алматыны газ желісіне қосуға арналған бүгінгі Меморандумның маңызы өте зор.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.