КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.12.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
04 Наурыз 2010, 14:53
Атырау тұрғыны ел аумағында лаңкестік қозғалысты насихаттағаны үшін сотталды
АСТАНА.  Наурыздың  4-і.  ҚазАқпарат  -  Атырау      тұрғыны      лаңкестікті  насихаттау  туралы материалдар таратқаны үшін   1 жылға жалпы режимдегі   колонияға   кесілді, 

деп     хабарлады Бас прокуратураның баспасөз   қызметінен. 

«Атырау  қаласының тұрғыны Нұрекенов  қалалық соттың  ақпанның  24-індегі      үкімімен      ҚР Қылмыстық кодексінің  233-ші бабы 1-ші тармағы  бойынша,  яғни    лаңкестік  туралы материалдар таратқаны  үшін     кінәлі деп танылып,      жалпы   режимдегі колонияға   1 жылға кесілді»,  делінген   ресми  хабарламада. 

Сотта анықталғандай,  «Нұрекенов   2008 жылы исламшыл насихаттарды Интернет  арқылы      іздеу  жолымен     «Саид  Бурятскийдің» сайтын   тапқан және   сондағы насихаттауларды     ұстанып,  «Бауырлас  Мұсылмандар  Қауымдастығының»  идеологиясын қолдаған.

Ал Қазақстанның Жоғарғы соты      бұл қауымдастықты   лаңкестік    ұйым деп таныған  және        ел  аумағында  оның   қызметіне тыйым салынған. «Соған   қарамастан, Нұрекенов,  насихаттарды  ұстанып,  сайттан  материалдар     көшіріп,  оларды   достарының арасында таратқан»,   деп  атап көрсетіледі    хабарламада. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.