КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.53.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
04 Наурыз 2010, 13:53
Индустрия және сауда министрлігі Елбасы Жолдауын талқылады
 АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Индустрия және сауда министрлігінде осы ведомствоның басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын  талқылауға және Елбасының тапсырмаларын орындау жөніндегі шараларды әзірлеуге  арналған кеңейтілген  алқа мәжілісі өтті.

Шара барысында баяндама жасаған Индустрия және сауда министрі ҚР Президентінің ағымдағы жолдауы ел алдына 2020 жылға дейін дамуының нақты тапсырмаларын қойғандығын, бұл орайда министрлікке де ауқымды жұмыстар жүктелгендігін атап өтті. «Сондықтан біз үшін маңызды  заңдардың бірі «Индустриялық саясат туралы» заң қабылданбақ. Бұл заң жобасы әзірлену үстінде. Ол индустриалдық-инновациялық сектордағы бизнес бастамаларды қолдау жүйесін бекіте түседі», деді.

Осы орайда, болашақ заңның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын нықтай түсетіндігін баса айтқан министрдің сөзіне қарағанда, жаңа бағдарламаның бұрынғы бағдарламаға қарағанда ірі жобаларды, әсіресе өңірлердегі орта және шағын бизнесті жүзеге асыру барысына қажетті барлық қолдау шаралары қамтылған. «Демек, біздің басты мақсатымыз осы қолдау шаралары алушыларға ашық, объективті әрі нәтижелі жету үшін нақты тетіктерді анықтау», деді өз сөзінде Ә.Исекешов.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.