КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.18.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
04 Наурыз 2010, 10:41
Елбасы қойған міндеттер барлық мемлекеттік органдарға, еліміздің әрбір азаматына қатысты - Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков
 АСТАНА.  Наурыздың  4-і. ҚазАқпарат-    Қорғаныс министрі  Әділбек Жақсыбеков бастаған  Елбасы Жолдауын  түсіндіру  жөніндегі        ақпараттық-насихат   тобы     Қостанай  облысындағы жұмыс  сапарын  аяқтады, 

деп   хабарлады  ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Жиналған  қауымның алдында сөйлеген сөзінде қорғаныс министрі,   Елбасы Жолдауының  үлкен  идеялық-саяси  маңызға ие екенін  және оның  еліміздің барлық  даму бағыттарына     жаңа серпін беріп  отырғанын    атап  көрсетті.

«Елбасы Жолдауы -   елімізді  индустриялық-инновациялық дамытуға   және  ең бастысы,   экономика мен  әлеуметтік  саланы жаппай    түрлендіруге бағытталған   Қазақстанның   дамуының  жаңа стратегиялық   бағыты», деп  атап көрсетті    министр  өз  сөзінде.

Ол сондай-ақ  Елбасы  алған қойып отырған   міндеттердің    барлық мемлекетітк  органдарға, еліміздің әрбір азаматына  қатысты   екендігіне  тоқталды.

Әділбек Жақсыбеков сапар барысында   Қостанай кәсіпорындарын аралады.  Атап  айтқанда,     армияға арналған  киім-кешектің   ¼   тігілетін     «Большевичка»  кәсіпорнында,     қазақстандық армия жауынгерлері  үшін  аяқ  киім  тігетін   кәсіпорындарда   болды.    Қорғаныс министрі   Қарулы күштер   үшін   машина  құрастыруға және   оларға қызмет көрсетуге    әзірліктерін білдіріп  отырған  «АгромашХолдинг»  акционерлік  қоғамына да ат басын тіреді. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.