КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.41.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
03 Наурыз 2010, 19:59
ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті
  АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Женевада өзінің Швейцарияға сапарының алғашқы күні және осы қаладағы БҰҰ мекемесінде ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Н.Пиллаймен кездесті, оның барысында ол Қазақстанның демократияны және ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейлерде адам құқықтарын қорғауды одан әрі дамыта түсуге ниетті екенін мәлімдеді,

деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қ.Саудабаев Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласында қолға алып отырған нақты шаралары туралы әңгімеледі, оның ішінде 2012 жылға дейінгі Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары да бар.

ЕҚЫҰ төрағалығында Қазақстан Ұйымның қызметіндегі гуманитарлық өлшемдерді жандандыра түспек. Бұл орайда осы жылғы маусымның 29-30-ы күндерінде Астанада өтуі белгігеніп отырған жоғары деңгейдегі төзімділік пен кемсітпеушілікке арналған ЕҚЫҰ конференциясы маңызды оқиға болмақ. Қ.Саудабаев Н.Пиллайды Қазақстанға сапармен келуге және осы конференцияда сөз сөйлеуге шақырды.  

Н.Пиллай Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы Қазақстанға Ұлттық іс-қимыл жоспарын орындауға қолдау көрсетуге әзір екендігін білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, сол күні  Женевада Қ.Саудабаев БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде сөз сөйлеп, үкіметтің осы саладағы іс-қимыл жоспары туралы баяндады. Ол сонымен қатар Қазақстан 2012-2015 жылдарға Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелікке өз кандидатурасын ұсынып отырғанын атап өтті және осы өтінімге халықаралық қолдауға сенімін білдірді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.