КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.26.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
03 Наурыз 2010, 18:42
Жамбыл облысы әкімдігі мен «Атамекен» одағы филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Таразда кәсіпкерлердің аймақтық форумында сындарды іс-қимыл мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Жамбыл облысы әкімдігі мен «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі Жамбыл филиалының арасында меморандумға қол қойылды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған аймақтық форум мақсаты - Елбасы Жолдауы ауқымында өңірде кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру болды. Форумға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері, жамбылдық тігін және жиһаз кәсіпорындарының, ет және сүт өндірісінің басшылары, Жамбыл облысындағы екінші деңгейлі банктер өкілдері қатысты.

Форум басталар алдында қатысушылар жергілікті тауар өндірушілердің көрмесімен және екінші деңгейлі банктердің «»Мобильдік кеңселер» және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының» жұмыстарымен танысты. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтері бойынша, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ бағдарламалары бойынша Жамбыл облысында 316 заемшы 8,9 млрд. теңгенің несиесін алған, 379 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Түстен кейін облыс кәсіпкерлерімен даму институттары жұмыс жасады.

Аймақтық форум соңында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыс әкімі жанынан кәсіпкерлер кеңесін құру, оның құрамына жеткші кәсіпкерлерді енізу жөнінде тапсырма берді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.