КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.49.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
03 Наурыз 2010, 16:51
Ақтөбеге ҚР Денсаулық сақтау министрі бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы келді
АҚТӨБЕ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеге денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев бастаған  республикалық ақпараттық-насихат тобы келді, олар наурыздың 3-і мен 5-і аралығында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бүгін облыстық әкімдік ғимаратында облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған облыс активінің кеңесі өтеді, Оған республикалық, облыстық ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысады. 

Облыстық ішкі саясат департаментінің хабарлауынша, топ құрамында сондай-ақ Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық даму және салааралық үйлестіру департаментінің директоры Ренат Айтаев, Білім және ғылым министрлігі заң департаменті директорының орынбасары Жанат Асантаев, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қозы-Көрпеш Жаңбыршин бар.   Өңірге сондай-ақ Көлік және коммуникация вице-министрі Еркін Дүйсембаев, Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Айгүл Қаптағаева, ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нөкин, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің салық саясаты және болжамдар департаментінің директоры Толқын Баймұқанова келді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.