КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.41.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
03 Наурыз 2010, 10:36
Таразда Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтуде
ТАРАЗ. Наурыздың 3-і.  ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Сәрсенбі, наурыздың  3-і күні Таразда Жамбыл облысы  кәсіпкерлерінің бизнес-форумы ашылды. 

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша,  кезінде    білікті  кадрлар  әлеуеті  жоғары  болған   өңірде  бүгінде    таңда     уәкілетті  мемлекеттік  органдардың   инвестициялық  стратегиясы   лайықты  деңгейде дамымай  отыр. 

«Облыста  тек  отандық  қана емес,     шетелдік  қаржы  институттарынан да  инвестициялар  тарту керек.  Осыған  орай   Таразда     аймақ кәсіпкерлерімен    бизнес-форум  өткізіліп  отыр»,   деп атап көрсетті  әкім  өз  сөзінде.

Жамбыл облысының  әкімдігі  ұйымдастырып  отырған  форумға  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының  делегациясы  шақырылып  отыр.  «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері жиынға қатысушыларды кәсіпкерлік саласын қолдау бойынша аталмыш қор ұсынып отырған арнайы құралдармен таныстырады. Сондай-ақ олар кәсіпкерлікті қолдау құралдарының ерекшеліктерін түсіндіреді. Бұған қоса  қор тобындағы жабдықтаушылар реестріне қосылу туралы көпшілікті толғандырған сауалдарға  жауап бермек. Сонымен қатар басқосуда даму институттары мен кәсіпкерлер арасындағы қалыптасқан мәселелер талқыланып, мүмкіндігінше оларды шешу жолдарын қарастыру жоспарланып отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.