КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.48.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
02 Наурыз 2010, 13:03
«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 27 млрд. теңге бағыттау көзделіп отыр
 АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылы «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 27 млрд. теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламент Мәжілісі фракциясының кеңейтілген жиналысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бизнестің Жол картасы-2020» бұл тек экономикалық емес, ең алдымен саяси мәселе. Қазақстанның сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі және нақты сектордағы әртараптандырудың тағдыры сайып келгенде осы бағдарламаға бизнестің қаншалықты қосылатындығына байланысты. Ұлттық бизнес Қазақстан экономикасын дамытудың локомотиві болуы тиіс», деді отырыста Премьер-Министр.

Оның айтуынша, «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасының басты мақсаты жаңа жетекші кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті дамытуға көмек көрсету. Ұлттық бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары екі бағытты қарастырады. Біріншісі, жаңа бизнестік бастамаларды қаржылық қолдау. Бұл арада Үкімет өңірлердегі жаңа заманауи кәсіпорындарды құруға қолдау көрсетеді. Екінші бағыт, кәсіпкерлік секторды сауықтыру. Бұл арада дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықтарға тап болған қолданыстағы бизнестерге қолдау көрсетіледі. «Бірінші бағыт бойынша, пайыздық ставкаларды субсиядиялау, жаңа өндірістерді жүзеге асыру үшін несиелерді кепілдендіру қолдаудың негізгі секторы болып табылады. Екінші бағыт бойынша, бизнесті сауықтырудағы мемлекеттің қатысуы бұрын берілген проблемалы кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсиядиялаумен шектеледі», деді Үкімет басшысы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.