КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.21.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
02 Наурыз 2010, 12:55
2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында мақсатқа жету үшін нақты механизмдер мен құралдар бар - Премьер-Министр
   АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында мақсатқа жету үшін нақты механизмдер мен құралдар бар. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламент Мәжілісі фракциясының кеңейтілген жиналысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,

 деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, бағдарлама жақсылап екшеленген, есеп-қисабы жүргізілген. Бүкіл тараппен талқыланған, ішкі және сыртқы ресурстардың есебінен қамтамасыз етуге болатын инвестицияның нақты көлемі ескерілген. «Ең бастысы бағдарлама халықтың бүкіл тобы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Кәсіпкерлердің айтарлықтай тобы үшін мемлекеттік сатып алулар жолымен өндірген өнімдері кепілдендірілген сұраныспен қамтамасыз етіледі. Қазақстандық қамтудың үлесі ұлғаяды. Бизнес экспортты ілгерілету үшін гранттық қолдау алады», деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, экономиканың басым салаларындағы бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өндірістік ұйымдардағы жұмыс істейтін бизнесмендер айтарлықтай қаржылық қолдауға ие болады. Әкімшілік кедергілерді төмендету есебінен Үкімет бизнестің тежелуін азайтып қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерліктің жаңа толқынын қалыптастырады. «Біз сондай-ақ халықты жұмыспен қамту жөнінде жаңа мүмкіндіктерді қалыптастырамыз, жаңа жұмыс орындары құрылады, халықтың табысы арта түседі. Тек осы жылдың ішінде жоспарланған индустриялық нысандардың құрылысы іске қосылған кезде біз 25 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрамыз. Бұл дегеніңіз, біздің азаматтарымыздың мыңдаған отбасылары лайықты және тұрақты өмір сүреді деген сөз.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.