КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.56.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
02 Наурыз 2010, 08:25
Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық форумында этносаралық келісім жайы сараланды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетаудағы «Достар» мәдениет үйінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық форумында «Этносаралық келісім қазақстандық моделін ойдағыдай дамыту» тақырыбы кеңінен сараланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына арналған басқосуға ұлттық мәдени орталықтар, этносаралық құрылымдар жетекшілері, мемлекеттік емес ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысып, еліміздің тәуелсіздігінен бастау алған ынтымақтастық пен бірлік, қоғамның даму үрдісі тілге тиек етілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оған көпшілік болып атсалысу, этномәдени орталықтарға қаржылай қолдау көрсету, Достық үйіне арналып белгіленген бұрынғы «Жастар» кинотеатрында күрделі жөндеу жұмыстарын іске асырып, қайта жарақтау жайы тілге тиек етілді.

 Жиын соңында облыс тұрғындарына арналып ұлтаралық қарым-қатынас пен бауырмалдылық, ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған үндеу қабылданды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.