КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.41.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
02 Наурыз 2010, 08:51
Қазақстан халқы Ассамблеясы - тұрақтылық пен келісім институты
ПАВЛОДАР.  Наурыздың 2-сі.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Елбасы   Жарлығымен осыдан 15 жыл бұрын құрылған   Қазақстан   халқы Ассамблеясы       тұрақтылық  пен  келісімнің бірегей институты    атанып  отыр,

дейді Павлодардың   Достық үйінде осынау атаулы  мерейтойға арналып     өткен    ғылыми-тәжірибелік конференцияға  қатысушылар. 

 Аймақтың  этномәдени  орталықтарының жетекшілері   өз қызметтерінің   қорытындыларын   шығарып,    алдағы  уақытта атқаратын  жұмыстарының  басымдықты бағыттарын   нақтылады. «Қазақстан  халқының  облыстық Ассамблеясы     қоғамдағы  тыныштық  пен  өзара түсіністікті  нығайтуға  бағытталған   ұлысаралық  және дінаралық  келісімді қамтамасыз  ту  жөніндегі    жұмыстың      мол тәжірибесін   жинақтап  отыр»,  -  деп  атап көрсетті   аймақтық    Ассамблея төрағасының    орынбасары Идият  Әбдіхалықов.

 Аймақтың этномәдени   бірлестіктері   өткен жылы  100-ден  астам концерттер  мен  фестивальдер,   көрмелер мен мәдениет күндерін    өткізді. Ұлттық өркендеу мектебі     белсенді қызмет етуде - мектептің    16  ұлттық  сыныбында  550 бала  өз ана тілдерін   үйренуде.    Ал  Ассамблеяның  осыдан    тоғыз жыл бұрын құрылған  жастар бірлестігі   өскелең  ұрпақты   патриотизмге және   өзге   халықтың  мәдениетін   құрметтеуге   баулуды     өздерінің басты  мақсаты   деп біледі.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.